Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

«ӘДЕБИ МҰРА – ҰРПАҚҚА АМАНАТ» ӘДЕБИ КЕЗДЕСУ

 Бүгін кітапханада «AMANAT» партиясының «Кітап–AMANAT» партиялық жобасы аясында  қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, қаламгер, қоғам қайраткері Жұмабай Шаштайұлының 75 жылдығына арналған «Әдеби мұра – ұрпаққа аманат»  әдеби кездесу өтті. 

 Жазушының туындыларының өзегі — адамгершілік, ұлттық сана, рухани азаттық, табиғат пен адам үйлесімі, тарих пен тағдыр. Сондай-ақ ол қоғамдағы рухани дағдарысты, ұлттық тамырдан ажыраған адамның ішкі трагедиясын бейнелейтіндігін кеш қонақтары  айта өтті.

 Бүгінгі кешке  М. Х. Дулати атындағы Тараз университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы,  әдебиеттанушы Сәмен Құлбарақ, Қазақстан  жазушылар Одағының  мүшесі жазушы, журналист Баймаханбет Ахмет және Облыстық  «Ақ жол» газетінің тілшісі Ардақ Үсейінова қатысты. 

Жұмабай Шаштайұлы — тек прозашы ғана емес, сонымен қатар публицист және эссеист. Повесть, әңгіме, роман жанрларында еңбек еткендегін тілге тиек етті. Жұмабай Шаштайұлының мұрасы – болашаққа бағыт берер рухани байлық.

 

Яндекс.Метрика