Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

«ТОЛЕРАНТТЫҚ - ТАТУЛЫҚТЫҢ БЕЛГІСІ» КЕЗДЕСУ ШАРАСЫ ӨТТІ

     Қазақстан Халқы Ассамблеясына - 30 жыл толуына орай «Толеранттық - татулықтың белгісі» тейбл-толк форматындағы кездесу өтті.

      Іс-шараның мақсаты – оқырмандардың бойында өзара сыйластықты, бір-біріне құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру, қоғамдағы толеранттылық қағидаттарын дәріптеу болды.

     Кездесу барысында оқырмандарға толеранттылықтың мәні мен маңызы түсіндіріліп, этносаралық және конфессияаралық келісімнің қоғамдағы рөлі туралы айтылды. Сонымен қатар, адамгершілік, мейірімділік, бейбіт өмір мен достық сияқты құндылықтар туралы пікір алмасу ұйымдастырылды.

     Шара барысында оқырмандар  белсенділік танытып, өз ойларын ортаға салды, өмірлік мысалдармен бөлісті. Кездесу соңында қатысушылар бірлік пен татулықтың қоғам дамуының басты кепілі екендігін атап өтті.

 

Яндекс.Метрика