Байқаудың мақсаты – қазақ халқының даңқты ұлы, аты аңызға айналған батыр, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының өмірі мен ерлік жолын дәріптеу, оның тұлғалық болмысын жас ұрпақтың бойына үлгі ету.
Облыс көлемінде өткен «Тау тұлға, дара тұлға – Бауыржан» шығармашылық байқауының ІІ кезеңі өз мәресіне жетіп, қатысушылардың жұмыстары арнайы құрылған әділқазылар алқасының сараптауынан өтті.
Әділқазылар алқасы құрамы: Мұқашев Темірбай Әліұлы - филология ғылымдарының кандидаты, М. Х. Дулати атындағы Тараз университетінің доценті, Пралиева Айгүл Бақбергенқызы - Бауыржан Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясының қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі, Марал Хантөреқызы - ақын, "Қаламгер" клубының жетекшісі.
Қазылар алқасы байқау талаптарына сәйкес үміткерлердің шығармашылық ізденісін, тақырыпты ашу деңгейін және көркемдік мәнерін мұқият зерделеді.
Бағалау нәтижесінде үздік деп танылған қатысушылар жыл соныңда марапатталады.
