Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

Қазақстан –заманауи үлгідегі Тәуелсіз мемлекет

   Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында  Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, профессор Сейдахан Бақтыоразовтың қатысумен «Қазақстан -заманауи үлгідегі Тәуелсіз мемлекет» дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

   Дөңгелек үстелге тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, профессор Сейдахан Бақтыоразов, тәуелсіздік құрдастары мен Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің студеттері қатысты.

   Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Сейдахан Бақторазов тарих толқынында толқып отырып, қатысушыларды телегей теңіздей тасып жеткен мәртебесі биік тәуелсіздігіміздің 30 жылдың мерейтойымен құттықтай келе, тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз екенін жете жеткізіп, жастарды өркендеген еліміздің дамуына үлес қосып, бір кірпіші боп қалануға шақырды.

   Одан әрі тәуелсіздік құрдастары сөз алып, егеменді еліміздің жеткен жетістіктеріне тоқталды. Онлайн оқырмандар тағлымға толы кештің куәсі болып, көптеген мәліметтер ала алды.

 

 

Яндекс.Метрика