Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

⚜️ЖАМБЫЛДЫҢ ЖЫР КЕРУЕНІ» АТТЫ КӨШПЕЛІ КІТАП КӨРМЕСІ

    Ш. Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана қызметкерлері Жамбыл аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Айшабибі ауылдық кітапханасында «Жамбылдың жыр керуені» атты көшпелі кітап көрмесін ұйымдастырды.
    Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуына орай өткізілген шараның мақсаты – қазақтың ұлы ақыны, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығын жас буынға кеңінен таныстыру, ұлттық әдеби мұраға деген қызығушылықты ояту.
    Көрмеде ақынның өмір жолын және әдеби мұрасын көрсететін кітаптар, ғылыми зерттеулер мен танымдық басылымдар қойылды.


 

Яндекс.Метрика