Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

«АРЫЛМАС МҰҢЫМ БАР МЕНІҢ...» АТТЫ ӘДЕБИ-САЗДЫ ЕСКЕ АЛУ КЕШІ

Кітапханада қазақ поэзиясының көрнекті өкілдерінің бірі, ақын Серік Томановтың 70 жылдық мерейтойына арналған «Арылмас мұңым бар менің...» атты әдеби-сазды еске алу кеші өтті.

Кештің басты мақсаты – ақынның шығармашылық мұрасын насихаттау, оның қазақ әдебиетіне қосқан үлесін дәріптеу және жас ұрпаққа рухани құндылықтарды таныстыру.

Іс-шара барысында ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған бейнеролик көрсетіліп, оның туған жерге деген сүйіспеншілік, адамгершілік пен ұлттық рух тақырыбындағы жырлары кеңінен насихатталды. Сондай-ақ ақын өлеңдері оқылып, оның сөзіне жазылған әндер орындалды.

Әдеби-сазды кеште мәдениет саласының майталмандары мен өнерпаздар өнер көрсетіп, көрермендерге ерекше рухани әсер сыйлады.

Серік Томанов поэзиясы – ұлттық рух пен адамгершілік құндылықтарды дәріптейтін асыл мұра. Тағылымды кеш барысында ақын шығармашылығы кеңінен насихатталып, оның жырлары оқырман жүрегінде мәңгілік сақталатыны тағы бір мәрте айқындалды.

 

 

Яндекс.Метрика