Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

«ДӘСТҮРДЕН НӘР АЛҒАН СӘН» ЭТНО-АРТ САҒАТЫ

18 наурыз – Ұлттық киім күніне орай кітапхана қызметкерлері «Аспара» Модельдік өнер және бизнес колледжінде «Дәстүрден нәр алған сән» атты этно-арт сағатын ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаты – ұлттық киімдердің тарихы мен маңызын насихаттау, қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерін дәріптеу, жастардың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттыру және эстетикалық талғамын қалыптастыру.

Іс-шара барысында қатысушыларға қазақтың дәстүрлі киім үлгілері таныстырылып, олардың ерекшеліктері мен мән-мағынасы кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, ұлттық нақыштағы сән көрсетілімі ұйымдастырылып, студенттер өздерінің шығармашылық жұмыстарын ұсынды.

 

    

Яндекс.Метрика