Іс-шара барысында арнайы шақырылған қонақтар жүрекжарды лебіздерін білдіріп, көпшілікті Ұлыстың Ұлы күнімен құттықтады.
Ұлттық құндылықтар дәріптелген кеште кітапхана қызметкерлері қазақтың көркем дәстүрлерінің бірі – «Тұсау кесер» рәсімін сахналады. Сонымен қатар, Жамбыл облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің қызметкерлері «Сәукеле кигізу» дәстүрінен әсерлі көрініс ұсынып, көрермендердің ықыласына бөленді.
Кеш барысында әсем әндер шырқалып, қатысушыларға ерекше мерекелік көңіл күй сыйлады. Ұлттық дәстүр мен руханиятты ұлықтаған бұл шара көпшіліктің жүрегінен орын алды.
