Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

«ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ДӘСТҮР ЖАЛҒАСТЫҒЫ ЖӘНЕ ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

 Бүгін Ш.Уәлиханов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында Қазақстан Журналистер одағы Жамбыл облыстық филиалы мен «Мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі Жамбыл облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Шығармашылық дәстүр жалғастығы және ұрпақтар сабақтастығы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

 Іс-шара барысында облыстық журналистиканың даму жолы, аға буын мен жас журналистер арасындағы сабақтастық мәселелері талқыланды. Саланың дамуына үлес қосып жүрген бірқатар журналистер марапатталып, жас қаламгерлер Қазақстан Журналистер одағының қатарына қабылданып, мүшелік билеттерге ие болды.

 Жиынға Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының басшысы Жанболат Нұрмолдаұлы, Қазақстан Журналистер одағы облыстық филиалының төрағасы Жаңабай Миллионов, кәсіподақ өкілдері, БАҚ басшылары, ардагер журналистер мен жас тілшілер қатысты.

 Кездесу барысында журналистикадағы шығармашылық дәстүрдің сабақтастығы, кәсіби тәжірибе алмасу және жас мамандарды қолдау мәселелері кеңінен сөз болды.

 

    

Яндекс.Метрика