Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

ОТБАСЫ КҮНІНЕ ОРАЙ «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ – МӘҢГІЛІК ЕЛ БАСТАУЫ» АТТЫ АШЫҚ ТӘРБИЕ АЛАҢЫ ӨТТІ

«Мерейлі отбасы – Мәңгілік Ел бастауы» ашық тәрбие алаңы

Кітапханада қыркүйектің 2-ші жексенбісі –Отбасы күніне орай «Мерейлі отбасы – Мәңгілік Ел бастауы» атты ашық тәрбие алаңы өтті.

 

Іс-шараның негізгі мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу, ата-ана мен бала арасындағы сыйластық пен өзара түсіністікті нығайту, ұрпақтар сабақтастығын насихаттау, жас ұрпақтың бойына адамгершілік, мейірімділік, жауапкершілік және отбасына деген құрмет сезімдерін қалыптастыру.

Кездесу барысында отбасының қоғамдағы маңызы, бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі, отбасындағы сыйластық, мейірімділік пен өзара түсіністіктің маңызы туралы кеңінен сөз қозғалды. Сонымен қатар «Отан – отбасынан басталады» қағидасының мән-маңызы талқыланып, отбасындағы татулық пен берекені сақтаудың жолдары жөнінде пікір алмасты.

 

Шараға Жамбыл облыстық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығының, Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Отбасын қолдау орталығы» мамандары қатысып, отбасыдағы психологиялық ахуал, бала тәрбиесі, отбасылық қарым-қатынас және әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.

Қатысушылар отбасы құндылықтарының адам өміріндегі маңызы туралы ой бөлісіп, мамандарға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.

 

     

Яндекс.Метрика