Кітапханамызда қыркүйек айының соңғы жексенбісі Еңбек күніне орай еңбек ардагерлерімен тағылымды кездесу сағаты өтті.
Шараның мақсаты – жастарға еңбектің маңызын түсіндіру, еңбек адамын құрметтеуге тәрбиелеу, адалдыққа, жауапкершілікке және еңбекқорлыққа баулу.
Кездесудің арнайы қонақтары – Тараз қаласындағы «ALEM» кәсіби білім беру колледжінің оқытушылары: қазақ тілі пәнінің оқытушысы Жанғазы Амангүл Бәкенқызы, математика пәнінің оқытушысы Ботаева Алтын Боранқұлқызы, тарих пәнінің оқытушысы Дарменова Айжан өздерінің еңбек жолы мен кәсіби тәжірибелері туралы айтып, жастарға ақыл-кеңестерін берді. Кездесу барысында еңбекке адалдық, мамандықты дұрыс таңдау және болашаққа жауапкершілікпен қарау жайында ой бөлісілді. Шара барысында еңбек адамдары туралы бейнеролик көрсетіліп, кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Еңбек адамын құрметтеу – еңбекті құрметтеу. Ал еңбекті бағалау – ел болашағын бағалау!
