Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

«ЖАПЫРАҚТАР ОҚИТЫНДАЙ БІЗГЕ ӨЛЕҢ» ӘДЕБИ САЗДЫ КЕШ ЖӘНЕ ЖАҢА КІТАПТАРДЫҢ ТҰСАУКЕСЕР КЕШІ

Кітапханада ақын, журналист, Әлем халықтары Жазушылары одағының мүшесі Тұрсынкүл Ентайдың 70 жылдық мерейтойына арналған әдеби-сазды кеш және жаңа кітаптарының тұсаукесері өтті.

 

  Кеш барысында ақынның шығармашылық жолы таныстырылып, сырлы жырлары оқылып, әндер орындалды. Сондай-ақ ақынның поэзиясы, журналистикадағы еңбек жолы және жаңа туындылары туралы әңгіме өрбіді.

 

  Кештің ерекше сәті – Тұрсынкүл Ентайдың «Жапырақтар оқитындай бізге өлең» және «Іңкәр сезім» атты жаңа кітаптарының тұсаукесері. Жаңа жинақтардан ақынның өмірлік тәжірибесі, ішкі толғаныстары, адам мен қоғам, туған жер, махаббат пен сағыныш тақырыптарындағы сырлы жырлары орын алған.

 

  Әдеби кешке ақын-жазушылар, журналистер, мәдениет саласының өкілдері, кітапхана оқырмандары мен әдебиетсүйер қауым қатысып, мерейтой иесіне ізгі тілектерін білдірді.

 

         

Яндекс.Метрика