«Дарынды балаларға арналған мамандандырылған IT-лицей-интернатының» 7-сынып білім алушылары кітапханаға арнайы экскурсиямен келді.
Экскурсия барысында оқушылар кітапхананың бөлімдерімен, кітап қоры және оқырмандарға көрсетілетін қызмет түрлерімен танысты. Кітапхана қызметкерлері кітапты дұрыс таңдау, ақпаратты тиімді іздеу және кітапхана ресурстарын пайдалану жөнінде мағлұмат берді.
Кездесу барысында оқушылар кітап әлеміне қызығушылық танытып, кітапхананың мүмкіндіктерімен жақынырақ танысты.
Біздің есігіміз әрдайым ашық! Кітапханаға келіңіздер, білім мен руханият әлеміне бірге саяхат жасайық!