Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

«ӨНЕР-БІЛІМ БАР ЖҰРТТАР» ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫ

Кітапхананың ұйымдастыруымен Тараз қаласы №9 орта мектепте ағартушы-педагог, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл толуына орай 7–8 сынып оқушылары арасында «Өнер-білім бар жұрттар» зияткерлік сайыс өтті.

 

Ыбырай Алтынсарин – қазақ даласында білімнің маңызын алғашқылардың бірі болып терең түсініп, халықты оқу-білімге шақырған ұлы тұлға. Оның «Кел, балалар, оқылық!», «Өнер-білім бар жұрттар» сияқты шығармалары бүгінгі күнге дейін өз маңызын жоғалтқан жоқ.

 

Сайыс барысында оқушылар Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығына қатысты сұрақтарға жауап беріп, өз білімдері мен тапқырлықтарын ортаға салды. Оқушылар белсенділік танытып, өзара білім жарыстырып, жақсы нәтижелер көрсетті.

 

Ыбырай атамыздың жаққан білім шырағы ешқашан сөнбейді. Оның мол мұрасы – халқымыздың рухани қазынасы, ал өсиеті – жас ұрпаққа бағыт-бағдар беретін асыл мұра.

 

#ualikhanov_kitaphana

 

     

Яндекс.Метрика