Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

Ерлан Нұрманұлы руханият ордасының жұмысымен танысты

   Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ерлан Жүнісбай басқармаға қарасты Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлерімен кездесті.

   Ең алдымен, кітапхана бөлімдерін, оқырман игілігіне орай ашылған орталықтарды аралап шыққан Ерлан Нұрманұлы кітапхананың жанға жайлы, оқырманға қолайлы екендігін жеткізіп, өз әсерімен бөлісті. Кездесуде кітапхана директоры Эльмира Елеусізқызы 2020 жылы атқарылған жұмыстар мен 2021 жылға жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беріп, руханият ордасының оңтайлы жұмыстарына тоқталды.

  Мекемелердің жай-күйін, тыныс-тіршілігін білу мақсатындағы кездесуде Ерлан Нұрманұлы кітапхана ұжымына сәттілік тілеп, алдағы уақытта бірігіп жұмыс жасауға шақырды.

Яндекс.Метрика