Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

«БІЗ ӨМІРДІ СҮЙЕМІЗ» ТРЕНИНГ ӨТТІ

Қазан айының екінші жексенбісі – Мүгедектігі бар адамдар күніне орай Жамбыл облыстық әлеуметтік оңалту орталығында Ш. Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен «Біз өмірді сүйеміз» атты тренинг форматындағы іс-шара өтті.

 

Іс-шара барысында қатысушылар танымдық сұрақтарға жауап беріп, қызықты тапсырмалар орындап, өзара пікір алмасты. Сонымен қатар қазақ әдебиеті мен поэзиясынан үзінділер оқылып, өмірге деген құштарлық, төзім, қайсарлық пен жігер туралы ой қозғалды.

 

Тренинг соңында әсем әндер шырқалып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын әсерлі сәттерге ұласты. Жылы әрі еркін атмосферада өткен шара орталық тұрғындары мен қызметкерлеріне ерекше көңіл-күй сыйлап, өмірді бағалау, әр күннен қуаныш табу және қиындыққа мойымай, алға ұмтылу туралы ой салды.

 

#ualikhanov_kitaphana

 

       

Яндекс.Метрика