Дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатында Қожа Ахмет Яссауидің өмірі мен рухани мұрасына арналған рухани-танымдық сағат өтті.
Іс-шара барысында білім алушылар ұлы ойшылдың өмірі мен шығармашылығымен танысып, «Диуани хикмет» еңбегінің тағылымдық мәні туралы мағлұмат алды. Сонымен қатар танымдық бейнеролик тамашалап, «Кім зерек?» викторинасына қатысып, білімдерін толықтырды.
Шараның мақсаты – жас ұрпақты имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеп, ұлттық және рухани құндылықтарды дәріптеу.
