Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

«ТАБИҒАТТЫҢ ТАМАШАСЫН ЖЫРҒА ҚОСҚАН АҚЫН» АҚЫН МҰРАСЫМЕН СЫРЛАСУ КЕШІ

Кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Тараз қаласындағы №69 орта мектебінде ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Қуандық Абашұлы Шолақовтың 85 жылдық мерейтойына орай «Табиғаттың тамашасын жырға қосқан ақын» атты ақын мұрасымен сырласу кеші өтті.

 

Тағылымды кешке ақынның немересі Ерсайын Қуандық, белгілі жазушы, журналист, облыстық «Ақ жол» газетінің аға тілшісі Қамар Қарасаева, белгілі қазақ ақыны, лирик, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Нұржан Әліш арнайы қонақ ретінде қатысты.

 

Кеш барысында қонақтар ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы ой бөлісіп, оқырмандарға жылы лебіздерін білдірді. Оқушылар ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, қаламгердің әдеби мұрасымен танысты. Сонымен қатар кітап көрмесі ұйымдастырылып, ақын шығармаларының тәрбиелік мәні мен туған жерге деген сүйіспеншілікті арттырудағы маңызы дәріптелді.

 

     

Яндекс.Метрика