Дарынды балаларға арналған мамандандырылған IT лицей-интернатында Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына орай «Ел болып оқимыз» жобасы аясында «Ұлыларды дәуір туғызады» тарихи дерекнама өткізілді.
Шара барысында «Жамбылдың жыр керуені» кітап көрмесі ұйымдастырылып, ақынның шығармалары, өмірі мен шығармашылығына арналған ғылыми зерттеулер мен танымдық басылымдар көпшілік назарына ұсынылды.
Шараның ерекшелігі – заманауи технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерінің қолданылуы. Кітапхана қызметкерлері Жамбыл Жабаев туралы жасанды интеллект көмегімен әзірленген бейнематериалдарды көрсетіп, оқушыларға ақынның өмірі мен шығармашылығын жаңа қырынан таныстырды.
.jpeg)