Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

«ТАРИХ ТАҒЫЛЫМЫ – ҰРПАҚҚА АМАНАТ» ТАРИХИ-ТАНЫМДЫҚ КЕШ

Ш. Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының және «Күлтегін» сыйлығының иегері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, көрнекті қаламгер, тарихшы-этнограф Қойшығара Салғараұлы Салғаринмен «Тарих тағылымы – ұрпаққа аманат» атты тарихи-танымдық кеш өтті.

 

Шараның мақсаты – қаламгердің өмірі мен шығармашылығын насихаттау, қазақ халқының тарихы мен ұлттық мұрасын дәріптеу, жас ұрпақтың тарихи танымын кеңейту.

 

Кеш барысында зиялы қауым өкілдері сөз сөйлеп, қаламгердің кітаптарына шолу жасалды. Сонымен қатар Қойшығара Салғараұлымен мазмұнды сұхбат өтіп, қазақ тарихы, ұлттық құндылықтар, тарихи мұраны сақтау және жастардың тарихи санасын қалыптастыру мәселелері талқыланды.

Тағылымды кездесу қатысушыларға рухани ой салып, өткен тарихымызды танудың және ұлттық мұраны келер ұрпаққа аманаттаудың маңызын айқындай түсті.

 

      

Яндекс.Метрика