Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

Бір ел-бір тарих

   Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз орталығының жетекшісі Бибігүл Шахзадақызымен  «Бір ел-бір тарих» онлайн сұхбат ұйымдастырды.

   Сұхбат барысында Бибігүл Шахзадақызы Қазақстан халқы Ассамблеясының мақсаты, Жамбыл облысында өмір сүріп жатқан 80-нен астам ұлт мен ұлыстардың тұрмыс-тіршілігі мен этносаралық толеранттылық туралы айтып өтті.

   «Қоғамдық келісім» тарапынан өткізілген мәдени көпшілік іс-шаралар мен «Қазақтану», «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» жобаларына кеңінен тоқталып, «Ақ желкен», «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының қайырымдылық шаралары, Волонтер жылында өзге ұлт өкілдерінің арасынан жетістікке жеткен жастардың жүйелі жұмыстары жайында баяндады.

   Онлайн оқырмандар тарапынан қойылған Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан құрылған ақсақалдер кеңесі, Достық үйінде алғашқылардың бірі болып ашылған медиация кабинетінің мақсат-міндеттері, атқаратын қызметтері туралы сұрақтарына жауап бере отырып, алда келе жатқан 1 наурыз – Алғыс айту күнімен құттықтады.

 

Яндекс.Метрика