Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

Тау тұлғамен сыр сұхбат

   Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Тараз қалалық №46 орта мектебімен бірлесіп, жазушы, драматург, публицист, бірнеше жыр кітаптарының авторы, Қазақ Ұлттық энциклопедиясының жетекші маманы, «Бауыржантану» ғылыми-зерттеу тобының жетекші ғылыми қызметкері Елен Әлімжанның шығармашылығына арнап, «Тау тұлғамен сыр сұхбат» танымдық сағатын ұйымдастырды.

   Іс-шара қонағымен бірге еріп келген «Бауыржантану» ғылыми-зерттеу орталығының ғылыми зерттеушісі Мадияр Ералыұлы Елен Әлімжанның танылмаған тұстары жайында қызықты әңгіме өрбітті.

   Сонымен қатар, «Бауыржантану» ғылыми-зерттеу орталығының қызметкерлері батыр Бауыржан жайындағы ғылыми еңбектерге тоқталып, тағы да қандай іс-шаралардың жүзеге асырылып жатқандығын жеткізді. «Бауыржанның пырағы», «Анажар», «Адамгершіліктің ақ жолы», т.б. еңбектерінің мазмұнынан маңызды деген ақпараттармен бөлісті.

   Жазушы танымдық сағатқа қатысқан оқушылардың ойын тыңдап, өмірі мен шығармашылық жолы жайындағы сұрақтарына жауап беріп, алдағы жоспарларын ортаға салды.

 

 

Яндекс.Метрика