Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

Жамбыл Жабаев - Ұлы Даланың алып жаршысы

    Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының Бродкастинг залында "Өрлеу" "БАҰО" АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты Тәуелсіздіктің 30 жылдығына және жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай "Жамбыл Жабаев - Ұлы Даланың алып жаршысы" тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.

    Дөңгелек үстелге филология ғылымдарының докторы, профессор, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетіндегі "Дулатитану" ғылыми-зерттеу орталығының директоры Сәмен Құлбарақ, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Темірбай Мұқашев, ҚР білім беру ісінің үздігі Бақытжан Мақашев, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Арман Шауханов және БАҚ өкілдері шақыртылды.

 

Яндекс.Метрика