Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының Бродкастинг залында "Өрлеу" "БАҰО" АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты ауыл мектебінің білім беру процесін жетілдірудің қазіргі жай-күйін талдау, мәселелерін анықтау және болашағын бағалау мақсатында "Ауыл мектебі: бүгіні, мәселелері және болашағы" тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Облыс деңгейінде ұйымдастырылған дөңгелек үстелге облыстық білім басқарма өкілдері, қалалық және аудандық білім беру бөлімдерінің қызметкерлері, ЖОО професор-оқытушылар құрамы, орта білім беру ұйым басшылары мен педагогтері және БАҚ өкілдері шақыртылды.