Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

Ұлы даланың жеті қыры: уақыт пен кеңістік тоғысындағы ұлт

   Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы жастардың әдебиетке деген қызығушылығын оятып, кітап оқуға деген сүйіспеншілігін арттыру, шығармашылық құндылығына көз жеткізіп, оларды елін, жерін сүюге деген патриоттық сезімін тәрбиелеу мақсатында "Ұлы даланың жеті қыры: уақыт пен кеңістік тоғысындағы ұлт" оқырман конференциясын ұйымдастырды.

   Оқырман конференциясында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" және "Ұлы даланың жеті қыры" мақалаларына тоқталып, төл тарихымыз бен ұлы жәдігерлеріміз туралы айтып өтті.

   Тағылымға толы іс-шарада туған жер тақырыбында әсем әннен шашу шашып, ақындардың жыр жолдарын жатқа оқыды.

Яндекс.Метрика