Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

Мерекеге орай тал көшеттері отырғызылды

   Қазақстанда Наурызды тойлау түрлі салт-дәстүрлерге негізделген. Мәселен, қала тұрғындары таңертең ерте тұрып, жас шыбықтарды еккен. Қазақта “Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын”, “Бір тал кессең, он тал ек” деген даналық сөздер бар. Адамның кең ауаны тыныстап жұтуына сеп болатын өсімдік атаулы тіршіліктің белгісіндей саналады.

   Осы орайда Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Эльмира Елеусізқызы Төле би даңғылының бойында тал көшеттерін отырғызу акциясына қатысып, қаланың гүлденуіне өз үлесін қосты.

 

Яндекс.Метрика