Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы күні

   «Парасат жолы» жобасы аясында Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен бірлесіп, 22 наурыз – Ұлыстың Ұлы күніне орай «Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы күні» Наурыз шашу кешін ұйымдастырды.

   Наурыз шашу кешіне «Жаңару» жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қозғалысының Жамбыл облысы бойынша жетекшісі, департамент жанынан құрылған ақпараттық-ағартушылық штаб жетекшісі Қасымхан Төлендиев, Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одақ» қоғамдық бірлестігі Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Дүйсенәлі Дыбысәліұлы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын, департамент жанынан құрылған ақпараттық-ағартушылық штаб мүшесі Үміт Битенова, кітапхана директоры Эльмира Елеусізқызы, Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясының оқушылары мен БАҚ өкілдері қатысты.

   Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған іс-шарада қатысушылар қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы туралы көптеген тың деректер айтып, ұлттық құндылықтарымыз туралы жастарға ақпарат беріп, парасаттылық ұғымы жайында өз ойларын ортаға салды.

   Одан әрі әннен шашу шашылып, мерекеге орай жыр жолдары оқылып, наурыз көже таратылды. Ұйымдастырушылар ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін игі іс-шара алдағы уақытта да жалғасын табады деген сенімде.

 

Яндекс.Метрика