Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

Алашорда автономиясы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы Әлихан Бөкейхановтың туғанына 155 жыл

   Үстіміздегі 2021 жылға мәдени көпшілік іс-шаралардың кешенді жоспары құрылған кезде Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық қозғалысы және Алаш жетекшісі, Алашорда автономиясы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы Әлихан Бөкейхановтың туғанына 155 жыл толуына орай қаңтар айына «Ұлт көсемі» тақырыбында бейне энциклопедия, наурыз айына - «Әлихан Бөкейханов - ұлттық тарихтың зерттеушісі, этнограф» атты саяси бейне-портрет, маусым мен желтоқсан айларына - «Маусым жарлығы» дөңгелек үстел және «Алаштың ақтаңгері - Әлихан» Алаш жолы кітап көрмесі жоспарланған.

   Аталмыш жоспарға сәйкес наурыз айында «Әлихан Бөкейханов - ұлттық тарихтың зерттеушісі, этнограф» тақырыбында саяси бейне-портретті бірлесіп өткізу бойынша ұсыныс кітапхана әкімшілігі тарапынан ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментіне берілген болатын. Осылай екі-жақты келісімге сәйкес Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Парасат жолы» жобасы аясында Әлихан Бөкейхановтың туғанына 155 жыл толуына орай «Әлихан Бөкейханов – ұлттық тарихтың зерттеушісі, этнограф» саяси бейне-портрет ұйымдастырылды.

   Іс-шарада тарихшылар өткен тарихты білмей болашаққа қадам басу мүмкін емес екендігін, бүгінгі тәуелсіздігіміздің баянды болуы кешегі аталарымыздың жанкешті еңбегінің арқасы екендігін тілге тиек ете отырып, «Алаш» айбындыларының жүріп өткен ауыр да, азапты жолдарын еске алды. Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ұйымдастырған іс-шараға арнайы шақырылған қонақтар мен кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысып, патриоттық тақырыпқа арналған жыр шумақтарын жатқа оқыды. Сондай-ақ, Әлихан Бөкейхановқа арналған кітап макеті жасалынып, арнайы бейнеслайд көрсетілді.

   Ұлы қайраткердің 155жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар мұнымен шектелмейді. Алдағы уақытта жоғарыда аталған жылдық жоспарға сәйкес іс-шаралар ұйымдастырылады.

 

Яндекс.Метрика