Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

Әсем Сағиқызы кітапхана жұмысымен танысты

    Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының баспасөз хатшысы Әсем Сағиқызы жұмыс сапары барысында Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында болып, кітапхананың барлық құрылымдық бөлімдері атқаратын қызметімен танысты.

    Кітапхана қонағына мекеме басшысы Эльмира Елеусізқызы оқырман игілігіне орай ашылған орталықтарды көрсетіп, цифрландыру аясында атқарылып жатқан жүйелі жұмыстардың тиімділігіне тоқталды.

    Бұдан бөлек, Әсем Сағиқызы "Бір ел - бір кітап 2021" республикалық акциясы аясында "Тәуелсіздікке 30 жыл-30 кітап" таңдап алынған әдебиеттерден құрылған кітап көрмесімен танысты.

Яндекс.Метрика