Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасы бас директорының орынбасары руханият ордасында

   Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасы бас директорының орынбасары Сәуле Назырова Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының жұмысымен танысты.

   Арнайы жұмыс сапарымен келген Сәуле Сапабекқызына кітапхана директоры Эльмира Елеусізқызы «Қасиетін жоймаған құнды кітаптарды цифрландыру» жобасы аясында сирек кездесетін кітаптарды цифрландыру, сонымен қатар «Жамбыл облысы: адамдар, оқиғалар, фактілер» мен «Тарихы терең, еңбегі ерен өлкелік басылымдар» кітапханалық жобалары аясында өлкелік мерзімді басылымдарды цифрландыру жұмыстары туралы да айтып өтті.

   Одан әрі заман талабына сай жабдықталған бродкастинг, релакс, коворкинг орталықтарымен таныстырып, бүгінде бұл орталықтар оқырмандардың қызығушылығын арттыратын аймаққа айналғандығын жеткізді.

 

Яндекс.Метрика