Содержание | Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі ақын Қайырбек Асановтың бұл жинағына махаббат, ғибрат, Отан, туған жер тақырыбындағы және танымал тұлғалар мен замандастарға арналған өлеңдері енгізіліп отыр. Кітап үш бөлімге топтастырылған.
Алғашқы бөлімінде алпыс жылға таяу бір шаңырақ астында өмір сүріп келе жатқан аяулы жары, ақын ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Күләш Ахметова екеуінің арасындағы сүйіспеншілік, сыйластық, сондай-ақ жастыққа тән сұлулыққа іңкәрлік сезімдер ақын жырының арқауы болса, екінші бөлімге әлеуметтік, қоғамдық құбылыстарды, уақыт бедері мен жүрек сырларын сыйғызған жырлары енді. Ал үшінші бөлімдегі арнауларына ақын адам бойындағы адалдық, азаматтық, мейірбандық сияқты мәңгі маңыздылығын жоймайтын қасиеттерді айта отырып, әр өлеңінде әдемі ой түюге тырысып, оқырман қауымды бей-жай қалдырмауға ұмтылады.
#жаңакітап |