Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

Ұран болар ұлық жол

    Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты жаңа мақаласын

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұжымы болашаққа бағдарланған соны бағдар ретінде қабылдады.

       Мақалада баяндалған біраз жайттар «Қазақстан–2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында көрсетілген болатын. Оның ішінде халықтың өзінің ұлттық сана-сезімі мен қалыптасқан кодын сақтай отырып жаңғыруы – бүгінгі заман талабы. Жаһандану мен неолиберализм үрдістері, өркениеттер тайталасы шарықтаған заманда халықтың халық болып қалуы, мемлекет іргесінің беріктігі осындай кешенді қадамға байланысты болмақ. Мақалада көтерілген латын әліпбиі туралы ой да елді жаңа өзгерістер белесіне бастары анық. Қазақ елі жаңа әліпби арқылы әлемдік өзгерістер көшіне еркін араласа алады. Бұл бағытта арнайы бағдарлама, әдістеме, әліпбидің өзіндік стандарты әзірленетін болады. Жаңғырудың маңыздылығы мемлекет пен ұлттың саналы түрде жаһандық үрдістерге бейімделуіне септігін тигізетіндігіне сенім білдіреміз.

       Еліміздің бәсекелес ортаны қалыптастыра отырып, дамыған 30 елдің қатарына қосылу кезіндегі рухани байлығымыздың үлесін көбейтуіміз керек. Өйткені бәсекеге қабілетті болу тек қана экономикаға байланысты емес. Қазақ мемлекетінің, яғни біздің мыңдаған жылғы тарихымыздағы құндылықтары ұрпағымызға ұран болары анық.

Бейбіт Тоқсанбаева,

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық кітапханасы

оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі

 Жамбыл Тараз. – 2017. - 13 қыркүйек (№37). – 8 б.

 

Яндекс.Метрика