Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған апталық аясында Шоқан Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Өлең сөздің даңғылы – бар қазақтың Жамбылы» атты іс-шара ұйымдастырылды.
Жергілікті ақындардың басын қосқан жиында Ғабит Есдәулетұлы, Нұржан Қадірәлі, Жұлдыз Бейсек ХХ ғасырдың Гомері атанған ұлы жырау шығармаларының көркемдік қуаты жайлы ой толғаса, Дидар Апбасов, Шапағат Әбдір, Жұматай Көксубайұлы арнау өлеңдерін оқып берді.
Іс-шара барысында кітапхананың тұрақты оқырмандары Ерсұлтан Алдаберген, Ұлбала Өмірзақова, Нұрай Анарбекова, Аяжан Ақылбекова, Айнұр Сейділдаева, Ақниет Баянбек, Ақбота Абылай, Дина Амангелдинова, Шұғыла Дәрібаева да жырдан шашу шашты.
Сондай-ақ елімізде қалыптасқан жағдайға байланысты сақтық шараларын сақтау мақсатында жартылай онлайн форматта өткен кездесуде Қордай ауданына Уәлихан Жанұзақов, Сарысу ауданынан Гүлдария Мамаева, Жазира Көмекбаева «Zoom» платформасы арқылы байланысқа шығып, ақын жырларын жатқа оқыды. Іс-шара соңы белсенділік танытқан жастарды марапаттаумен түйінделді.
Балым Өскенбай,
М.Х.Дулати атындағы Тараз
өңірлік университетінің студенті.
«Aq jol».-2021 жыл.-27 ақпан.-5б