Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

«Аңсаттың, дариға, жайлаукөл кештер-ай...»

     Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Өлкелік туризм – кітапхана жұмысының иновациялық түрі ретінде» жобасы аясында Сарысу аудандық мәдениет үйінде жазушы, публист, музыкатанушы, композитор, өнер зерттеушісі, аудармашы, суретші, этнограф Қазақстан мен Қырғызтанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Ілия Жақановтың 85 жасқа толу мерейтойына орай «Аңсаттың, дариға, Жайлаукөл кештері-ай...» атты ән кешін ұйымдастырды.

    Жергілікті жұртшылыққа композитордың өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттау, өнерін паш ету мақсатында ұйымдастырылған шараға Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Сарысу ауданының Құрметті азаматы Пернабай Дүйсенбин, Қазақстан Журналисттер одағының  мүшесі Диханбай Жұмабайұлы, компазитордың сыныптасы, Ақтоғай ауылының тумасы Сайлауқожа Таңқиев сөз алып, сазгер туралы әсерлі естеліктерімен бөлісті.

    Одан әрі композитор әндерінің тарихы, сурет өнеріне келген жылдары сөз болды. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Ақұштап Бақтыгереева мен ақын Мұхтар Баймұхаметовтың Ілия Жақановқа арнаған жыр шумақтары жатқа оқылып, көрерменді бір серпілтіп тастады.

    Сондай-ақ мерекелік кеште композитордың «Есіл бойы», «Бозқараған», «Еділ мен Жайық», «Нені ойладың», «Толағай», «Жайлаукөл кештері», «Әсел» сынды әндері шырқалды.

 

«Aq jol»-Aqparat».

«Aq jol»-Aqparat». - 2021 жыл. - 8 маусым (№69). - 8 б.

 

 

Яндекс.Метрика