Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

Болашағымыз жарқын

    Егемендігіміздің ширек ғасырлық мерейтойын ел болып тойладық. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай еліміздегі іргелі істер айшықталып, осы жылдар аралығындағы ел жетістіктері жан-жақты насихатталды.Сондай игі істің бір бастамасы «100 нақты қадам»-Ұлт жоспарының 85-қадамындағы «Мәңгілік Ел» патриоттық актісінің қабылдануы.
   «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы-өткенімізден сабақ ала отырып, болашағымызды баянды ету жолындағы мұраттарымыз! «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі өте қарапайым, барлығымыз үшін қымбат бөлімдерден құрылып болашаққа нық сеніммен сақтауға негіздейді. Мәңгілік Елдің Жеті тұғырын нығайтуға, сақтауға және ұрпақтан-ұрпаққа аманат ету жолында Қазақ Елінің әрбір тұрғыны қызмет атқарады. Жеті тұғырда көрсетілген руханият пен мәдениеттің дамуына өз үлесін қосатын кітапхана саласы да көптеген жұмыстар атқаруда. Тәуелсіз Қазақстан өзінің саяси және әлеуметтік-экономикалық даму барысында қарқынды серпілістерге құлаш сермеді. Бұл жетістіктерге жетуде көпсалалы ақпараттар орталығы, білімнің қайнар көзі-кітапхананың да қосар үлесі зор.
   Кітапханалар білім мен ғылымды насихаттайды, ғылыми-зерттеу және инновациялық тең қолжетімділігін жақсарту үшін қолайлылық туғызады. Бұл кітапхана қызметінің қоғамда өзіндік үлесі зор екенін айғақтай түссе керек. Мықты азаматтар ғана мемлекеттің саяси және қоғамдық өміріне белсенді түрде қатысады.
   Ал әлеуетті зор қоғам ақпаратпен қамтамасыз етілген азаматтарды қалыптастырады. Елдегі стратегиялық бағдарламалардың дамуына, мемлекеттің әлеуметтік және қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысып отырады. Мемлекет дамуы мен қоғам ортасында алтын көпір болып отырған кітапханасында «Мәнгілік Ел» актісі оқырмандар арасында кеңінен насихатталуда. Болашағы жарқын ұлттық идеямызды халыққа жеткізуде «Қазақ Елінің Ұлттық Идеясы-Мәңгілік Ел!», «Әлемдік қауымдастық таныған Ел», «Тәуелсіздік-елімнің ерлік жолы», «Ел дамуының еңселі бағыты», «Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып, жасай берсін Елдігіміз Мәңгілік!» сынды өзге де мәдени іс-шаралар кітапхананың тұрақты оқырмандары арасында, қаламыздағы жоғары оқу орындары мен колледждерде көптеп өткізілуде.
   Алдыға қойған ұлы мақсаттары бар, ертеңіне сеніммен қарайтын, жастары алғыр, жаңалыққа жаны құштар, рухы биік ел ғана мәңгілік Ел ретінде қалыптасады. Бұл ретте «100 нақты қадам»-Ұлт жоспарының атқаратын рөлі өте зор. Мәңгілік Елдің ұлылығын ұлықтайтын игі іс-шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табады. 

Эльмира Әбдинова,
Ш.Уәлиханов атындағы
облыстық әмбебап ғылыми
кітапханасының директоры
 Ақ жол. - 2017. - 10 қаңтар (№3). - 2 б.

Яндекс.Метрика