Талдықорған қаласында өтіп жатқан Жамбыл облысының мәдениет күндері қорытындыланды
Ағымдағы жылдың 8-9 қараша күндері Алматы облысында Жамбыл облысының мәдени күндері өтті. Аталған іс-шара облыс әкімінің орынбасары Дәулет Кәрібек, Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай, жазушы-публист Елен Әлімжан, ақын Үміт Битенова, Ғайни Әлімбекқызы бастаған зиялы қаум өкілдері Жамбыл ауданы Жамбыл ауылындағы жыр алыбының ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етумен басталды.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» жобасы аясында өткен іс-шара барысында Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Өткені-өнеге, бүгіні-бекм, болашағы жарқын Жамбыл өңірі» кітап экспозициясынұйымдастырды. Кітап экспозициясында Жамбыл облысының 80 жылдығына орай жарық көрген «Тараз мұралары» көптомдық жинағының 110 томы таныстырылды. Сондай-ақ «Кемеңгерліктің 30 жылы: жаңғырған тарих, жаңарған Тараз» кітап инсталляциясына еліміздің тәуелсіздік алған сәттен бастап бүгінге дейін жүріп өткен жолы туралы кітаптар және тәуелсіздік жылдарында жарыққа шыққан жергілікті 30 автор туындыларының макеттері мен кітаптарының түпнұсқалары ұсынылды.
Атап айтқанда: Жамбыл өңірінен шығып, барша қазаққа ортақ болған Бауыржан момышұлы, Кәрім Байалиев, Шерхан Мұртаза, Мырзатай Жолдасбеков, Несіпбек Дәутайұлы, Арғынбай Бекбосын, Әлдихан Қалдыбаев, Күләш Ахметова, Бақтияр Әбілдаұлы, Рафаэль Ниязбек, Пернебай Дүйсенбин, Берік Шаханұлы, Қуандық Шолақ, Елен Әлімжан, Айша Көпжасарова, Шырын Мамасерікова, Болатбек Әбішев, Нарша Қашағанұлы, Серік Томанов, Баймаханбет Ахмет, Болат Бекжанов, Көсемәлі Сәттібайұлы, Бауыржан Үсенов, Ғайни Әлімбекқызы, Үміт Битенова, Маралтай Райымбекұлы, Хамит Есаман, Табиғат Абайлдаев, Данияр Әлімқұл, Нұржан Қадірәлінің кітаптары таныстырылды.
Сонымен қатар облысымыздың тарихын Алматы облысының тұрғындары мен қонақтарына таныстыру, насихаттау мақсатында Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейнің қорынан жасақталған «Тараз-Ұлы даланың көне шаһары» атты жылжымалы көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде Тараз шаһарының тарихын баян ететін әлемдік маңызы бар бірегей жәдігерлер мен артефактілер ұсынылды. Олар сақ кезеңінің тарихын, мәдениетін айғақтайтын алтын әшекейлер, ортағасырлық Тараз қаласының тарихын баяндайтын ортағасырлық тұрмыста түрлі мақсатта қолданылған қыш ыдыстар, атап айтқанда, үлкенді-кішілі шырағдандар, хош иісті әтірлерді, дәрілік заттарды, сынаптарды сақтайтын жұмыртастар, майшамдар, түрлі ою-өрнек түсірілген тәрелкелер бар. ХХ ғасырда күмістен жасалған зергерлік бұйымдары қатарындағы алқа, шекелік, шашбау, жүзік, білезіктердің топтамасы, Жамбыл облысынан шыққан ұлы тұлғалардың Ы.Дүкенұлы, К,Әзірбаев, Б.Момышұлы, Ж.Қуанышбаев, Ш.Мұртаза, А.Әшімовтің жеке заттары көпшілік назарына ұсынылды. Жылжымалы көрмеге көркемсурет галереясының қорында сақталған Тараз суретшілерінің «Ұрпақтар сабақтастығы: тарих пен болашақ жамбылдық суретшілер көзімен» атты туындылар топтамасы мен неміс суретшісі Л.В. Брюммердің туындылары қойылды.
Жамбыл облысының Алматы облысындағы мәдени күндерінің алғашқы күні К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының «Жаңарған Жамбылдан – жерұйығы жетісуға!» атты мерекелік концертімен аяқталды. Мерекелік концерт Бикен Римова атындағы Талдықоған драма театрында ұйымдастырылды. Концерт басталмастан бұрын Алматы облысының әкімі Амандық Батталов құттықтау сөзін сөйлеп, жамбылдықтарға ақжарма тілегін жеткізді. Сондай-ақ Жамбыл облысының әкімі Бердібек Машбекұлына ыстық ықыласын әкім орынбасары Дәулет Жамаубайұлына жерұйығы Жетісудың әсем табиғаты бейнеленген картина табыс ету арқылы жеткізді. Концерттік бағдарламада «Алатау» фольклорлық ансамблі, «Ақкербез» және «Айша бибі» би ансамбльдері, «Кәусар» вокалдық ансамблі, «FirДауыс» квартеті, «Тараз-тарту» квартеті, Мәдениет саласының үздігі Ғани Мәтебаев және дәстүрлі-эстрада әншілері, облыстан шыққан эстрада жұлдыздары ҚР Еңбек сіңірген Саят Медеуов, республикалық конкурстардың лауреаты Райм Уайс бастаған күміс көмей, жезтаңдайлар өнер көрсетті.Іс-шараны жергілікті БАҚ және зиялы қауым өкілдері, Жетісу жұртшылығы тамашалады.
Жамбыл облысының Алматы облысындағы мәдени күндерінің екінші күнінде де Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің жылжымалы көрмесі, Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық кітапханасының кітап экспозициясы Жетісу жұртшылығына таныстырылып, ауқымды шара А.Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақь драма театрының «Жамбылдың қызыл жолбарысы» драмасын сахналаумен мәресіне жетті.
Ғалия Абылай, облыс әкімдігі мәдениет,
архивтер және құжаттама басқармасының
баспасөз хатшысы Талдықорған қаласынан.
«AR-AI». - 2021. - 10 қараша №90 (881). - 1,2 б.