Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

«AQ JOL»: кеше, бүгін, ертең.

   Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы тарихи дәуірлер мен қоғамдық өзгерістердің жылнамасы әрі шежіресіне айналған, қазақ баспасөзінің қарашаңырағы «Aq jol» газетінің 100 жылдық мерейтойына орай «AQ JOL»: кеше, бүгін, ертең тақырыбында «дөңгелек үстел» ұйымдастырды.

   Іс-шараға ғасыр жасаған басылымда ұзақ жыл еңбек еткен ардагерлердің бірі, жазушы, драматург, публицист Елен Әлімжан, жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Тұрсынхан Толқынбайұлы, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, ақын, жазушы, журналист Баймағанбет Ахмет, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Тараз қаласының Құрметті азаматы, Қазақстан Республикасының мәдениет және еңбек сіңірген қайраткері, жазушы, журналист Көсемәлі Сәттібайұлы, белгілі журналист, басылымның бас редакторы Оралхан Дәуіт, бас редактордың орынбасары Фариза Әбдікерімова, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, облыстық «Aq jol» газетінің бөлім редакторы Амангелді Әбіл мен жауапты хатшысы Тұрсынбек Сұлтанбек, есімі «Аq jol» газетімен аттас Тараз қаласындағы №45 Б.Момышұлы атындағы классикалық гимназиясының 5-сынып оқушысы Ақжол Тұрсынбекұлы, «Jambyl-Таraz» газетінің тілшісі, жас ақын Жұматай Көксубайүлы, «Aq jol» газетін тұрақты түрде үзбей оқитын оқырманның бірі Майдан Орынбаев қатысты.

   Жиналғандар қазақ журналистикасының мықты мектебінің біріне айналған басылымның тарихына тереңнен тоқталып, зерттеу мақалалары, шежірелі жылдардың жылнамасы жайындағы естеліктерімен бөлісті.

   Қазақтың небір даңқты ұлдарының ізі бар қасиетті қара шаңырақта, атақты қаламгерлердің қолтаңбасы қалған басылымда еңбек етудің өзін бақыт санайтын азаматтардың басы қосылған игі іс-шарада «Aq jol» газетінің бас редакторы Оралхан Дәуіт ғасырлық ғұмыры бар газетті үзбей оқитын оқырман Майдан Көбенұлына «Aq jol»-дың адал оқырманы» сертификатын табыстады.

   Жиын соңында Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Эльмира Елеусізқызы Ақжол Тұрсынбекұлына қонақ кәде ретінде рухани байлық саналатын кітапты сыйға тартты.

«АR-АІ»-ақпарат

«АR-АІ». - 2022 жыл. - 13 мамыр (№19). - 1-2 б.

Яндекс.Метрика