Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

Мажған - жыр, Мағжан - мұң....

   Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Алаш қозғалысының қайраткері, ақын Мағжан Жұмабаетың - 130 жылдығына орай «Заманынан озған жүйрік ақын» атты жыр-дәру кеші өтті.

   Іс-шараға М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Филология және журналистика» кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Әбдір Гүлзия Әмірәліқызы, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің филология ғылымдарының кандидаты, доцент Темірбай Мұқашев, аға оқытушысы Көбесова Ақнұр, № 125 білім беру академиясының «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің мұғалімі Ерлан Нұрланов қатысып, ақынның өмірі мен еңбектерін айшықтайтын баяндамаларын кітапхана оқырмандары мен қатысушылары назарына ұсынып, көп жерде айтыла бермейтін деректі дәйектемелермен таныстырды. Мағжан Жұмабаевтың туындылары мен өмір жолы жайлы ой-пікірлерімен бөлісіп, жазушының шығармалары жайында сөз қозғалды.

   Шара аясында ақынның қаламынан туған жыр шумақтарын № 125 білім беру академиясының 11сынып оқушысы Орынбасар Әйгерім «Түркістан» өлеңін, кітапхана қызметкерлері ақынның өлеңдерін оқыды.

 Есет Жаңабайұлы

«Aq jol». - 2023. – 21 қаңтар (№8). – 8 б.

Яндекс.Метрика