Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

Электронды дерекқорлар қолжетімді

Шоқан Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Жамбыл облысы: адамдар, оқиғалар, фактілер» және «Тарихы терең, еңбегі ерен өлкелік басылымдар» жобасы аясында брифинг өтті.

        Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында «Рухани қазына» кіші бағдарламасының «Туған жер – туған тіл» атты базалық бағдары бойынша өткен шараға мұрағаттанушы, журналист Мақұлбек Рысдәулет, М.Х.Дулати атындағы ТарМУ доценті, т.ғ.к. Сейдахан Бақторазов, қалалық «Жамбыл-Тараз» газетінің директор-бас редакторының м.а. Ерман Әбдиев, облыстық «Знамя труда» газеті әлеуметтік бөлімінің шолушысы Людмила Мельник қатысты.     

         Алғашқы болып сөз алған кітапхана директоры Эльмира Абдинова жасақталып жатқан электронды дерекқорлар мен олардың мүмкіндіктері мен ресурстары, мұнда жиналған мағлұматтардың нұсқалары жөнінде, өңір тарихы, мәдени, әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы кеңінен ақпараттандырды.

      – Жобалық жұмыс – жаңашылдықтың бір бөлігі, кітапханалық жаңашылдықты жүзеге асырудың құралы. Бұл бағыттағы жұмыстың негізгі мақсаты – кітапхана қорында сақтаулы өлкетану және сирек құжаттарға қол жеткізуді ұлғайту негізінде пайдаланушыларға қызмет көрсетудің тиімділігін және жеделдігін арттыру. Сондай-ақ Қазақстанның мәдени игіліктерінің бөлігі ретінде деректі мұраларды сақтау болып табылады. Облыс тарихын, экономикасы мен мәдениетін, тарихи тұлғалардың өмірбаянын, соғыс ардагерлерінің әскери және еңбек ерліктерін, белгілі қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері, ақын- жазушылар мен өнер майталмандары жайлы мәліметтерді кеңінен насихаттау жолында еңбек етудеміз. Өңірлік толық мәтінді элек- тронды дерекқорын құру арқылы кітапхана қорында облыстың тарихы мен мәдениеті жайлы мәліметтерді жоғалтып алмауға, қолжетімді етуге мүмкіндік алады, – деді өз сөзінде Эльмира Елеусізқызы.

         Одан кейін мұрағаттанушы, журналист Мақұлбек Рысдәулет, М.Х.Дулати атындағы ТарМУ доценті, т.ғ.к. Сейдахан Бақторазов, қалалық «Жамбыл-Тараз» газетінің директор-бас редакторының м.а. Ерман Әбдиев, облыстық «Знамя труда» газеті әлеуметтік бөлімінің шолушысы Людмила Мельник те сөз алды. Олар кітапхана пайдаланушыларына көрсетілетін қызмет тиімділігін арттыруға, түпнұсқаның сақталуын, жоғалған жағдайда қалпына келтіруге, мерзімді басылымдар дерекқорының электронды коллекциясының тиімділігі туралы айтты.

                           Диляра Дархан

 Жамбыл Тараз. -  2017. - 21 желтоқсан (№51). - 9 б.

Яндекс.Метрика