Өркениеттің өрі мен өркендеудің төріне ұмтылған мемлекетімізде саяси жаңғырулар сәтімен жүзеге асырылып жатыр. Ел билігі қазіргі кезде әлеуметтік мәселелерге айрықша ден қойып отырғаны анық. Анығырақ айтар болсақ, орны қашанда төр саналатын ұстаздардың жалақысы екі есеге дейін артты.
Дерекке жүгінсек, еліміз бойынша алдағы бірнеше жылдың бедерінде «Жайлы мектеп» жобасы аясында төрт жүзге жетеқабыл білім ордасы бой көтереді. Оның ішінде Жамбыл облысында екі жылда 12 мектеп салынатынын айта кеткен жөн. Мұның барлығы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырма аясында іске асырылмақ.
Жолдау жолдары негізінен әлеуметтік мәселелерді шешуді алға қойғанымен, басты мәселе ретінде экономикамыздың нық басуына бағытталған, атқарушы биліктегі күрделі мәселелерді шеше отырып, инфрақұрылымдық өзгерістерді нық және батыл шешкен іс-шаралармен ерекшеленгені анық.
Қазіргі кезде елімізде бірнеше министрлік пайда болды. Ауыл шаруашылығы қажеттіліктеріне су тапшылығының байқала бастағанын болжаған Мемлекет басшысы осы саламен арнайы айналысатын министрлік ашуы, еліміздің логистикалық әлеуетін ескере отырып, жаңадан көлік министрлігін, әлемдік экономикада ерекше орын ала бастаған туризмнің болашағын ескере отырып, осы бағытпен айналысатын министрлік ашуы, экономикамыздың әрқашан драйвері болып есептеле-тін өндіріс пен құрылыс министрлігінің ашылуы Мемле-кет басшысының осы бағыттағы түбегейлі өзгерістер әкелетін шешімі деп айтуға болады.
«Ұлттық қор – балаларға» жобасы президенттік бағдар-ламасындағы берген уәделерін жүзеге асырудың алғашқы баспалдағы екені даусыз. Бүгінде бұл жоба да сәтімен жүзеге асырылып жатқаны анық.
Жоғарыда айтылған «Жайлы мектеп» жобасы үш ауысымды мектептерді жоюға, оқушы сыйымдылығы аз білім орда-ларының проблемасын шешуге ықпал ететіні даусыз.
Президент Жолдауында ел экономикасын әрмен қарай нығайта түсу мақсатында көптеген баянды бастамалар айтылғаны белгілі. Бүгінде сол тапсырмалар еліміздің барлық қиырында сәтімен іске асырылып жатыр. Біз сөзбен айтқанда, мақсаты анық, бағдары айқын құжаттағы барлық міндеттерді ретімен орындау - баршамыздың парызымыз.
Ермек Нарымбетов,
Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап
ғылыми кітапханасы директорының орынбасары
«Jambyl-Taraz». - 2024. – 23 ақпан (№16-18-26). – 3 б.