Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

Достық алаңы

 

    Қазақстан халқы биыл сегізінші жыл қатарынан Алғыс айту күнін атап өтеді. Бұл – ұлттық құндылықтарды жаңғырту, жас ұрпақ санасына туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін ұялату, ұлттық рухты сіңіру, оларды отансүйгіштік пен толеранттылыққа тәрбиелеуді білдіреді.

    Осы мақсатта, Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Алғыс айту – адамзаттың асыл қасиеті» тақырыбында Достық алаңы ұйымдастырылды. Кешке арнайы шақырылған «Қазақстандық татар және башқұрттар конгресі» республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облысы бойынша филиалының төрағасы Фарида Накыш, Жамбыл облысы мен Тараз қаласындағы өзбек,тәжік этномәдени бірлестіктерінің өкілдері Абдурахман Зайнутдинов, Махкам Орифовтар түрлі ұлттар мен ұлыстардың құтты қонысқа айналған қасиетті қазақ жеріне терең тағзым етіп, қазақ еліне шексіз рахметін айтты. Сонымен қатар, «Архыз» республикалық қоғамдық бірлестігінің «Бірлік» қарашай-балқарлардың Жамбыл филиалы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Леля Узденова қонақтарға өзінің бейне құттықтауын жолдады.

    Алғыс айту күнін ұлықтаған шараға Жамбыл ауданы бойынша шекара басқармасы және 28903 әскери бөлімдерінің сарбаздары, М.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті мен қаладағы мамандандырылған колледж студенттері қатысып, аталмыш мереке мен қазақ елін мекендеген этнос өкілдерінің тарихы, мәдениеті мен салт-дәстүрлерімен тереңірек танысу мүмкіндігіне ие болды.

Подполковник Д. САРЫМСАҚОВ.

Жамбыл ауданы бойынша шекара басқармасы.

Суреттер шекара басқармасынан.

«OTAN SAQSHYSY». - 2024. – 2 наурыз (№9). – 9 б.

Яндекс.Метрика