Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

Нашақорлық – ғасыр дерті

   Бүгінгі қоғамдағы ең үлкен мәселелердің бірі – нашақорлық. Себебі бұл жағымсыз құбылыс елімізді ғана емес, бүкіл әлемді алаңдатып отыр. Мамандардың сөзіне сүйенсек, нашақорлыққа тәуелділік психикалық бұзылу арқылы өрбиді. Қазіргі таңда есірткі құралдарына 200-ден астам атау кіреді екен. Өте қорқынышты цифр.

   Есірткіге тәуелділік талай жанның тағдырын талқан еткенін күнделікті өмірден көріп жүрміз. Мұнда  адамның тек  ішкі дене мүшелері ғана зақымданып қоймайды, сана-сезімі де зардап шегеді. Нашаға әуестенген адамның зауалы өзімен қоймай бүкіл отбасына, жақындарына теріс әсер етеді. Бүтін бір әулеттің атына кір келеді.Ең өкініштісі, есірткі заттарын әуелі қызығушылық үшін қолданатын жастар көп. Бұған ғаламтордағы ақпараттың ашықтығы, топтық психология, еліктеушіліктің ықпалы бар. Білместікпен, әрі «дәмін көрейін» деген әуестікпен жаңа дүниені тұтынғандардың тәуелділікке бірте-бірте таңылуы оңай. Алайда олар бұл қызығушылықтың салдарының ауыр болатынын ойлай бермейді. 

   Ал есірткіні үнемі, тұрақты түрде қолдану көп қаржыны қажет етеді. Қолында қаражаты жоқтардың алдымен өз отбасындағы жарамды, құнды заттарды саудалап, кейіннен қылмысқа баруы жиі кездеседі. Яғни бір қылмыс екінші қылмысты тудырады. Соңы үлкен қателікке алып барады.Сондықтан салауатты өмір салтын ұстанған дұрыс. Әсіресе жастардың ортасында бұл «қауіптің» алдын алу шараларын кең көлемде жүргізген абзал.

Венера Тастамбаева,
 Ш. Уәлиханов атындағы облыстық
 әмбебап ғылыми кітапханасының
 оқу залы секторының меңгерушісі

«AR-AI». - 2024. – 12 маусым (№44). – 2 б.

 

Яндекс.Метрика