Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

Бабалар ұлағаты – ұрпақ аманаты

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен Жамбыл облыстық мемлекеттік кітапханаларында бір мезгілде әдеби дүрбі форматында онлайн интерактивті сабақ өткізді.

   Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында жүктелген міндеттерді жүзеге асыру және ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында «Бабалар ұлағаты – ұрпақ аманаты» тақырыбында өткен акцияға Жамбыл облысының мемлекеттік кітапханалар жүйесіне қарасты 10 аудандық кітапхана бір мезгілде онлайн жүйесінде қосылды.

   – Шын мәнінде, түп шежіресі сонау түркілерден басталатын қазақ халқының жер бетінен жоғалып кетпей, іргелі ел қалпын сақтап қалғаны – оның еркіндіксүйгіш ерік-жігерінің, асқақ рухының, елі мен жері үшін жанын пида еткен боздақтардың арқасы. Әрбір мемлекет рухы таза, санасы биік, білімді де білікті ұрпағынан қуат алады. Ол өзінің әрбір жаңа буын жас ұрпағы жетілген сайын дамудың жаңа биіктеріне көтеріледі. Ал бүгінгі қоғам алдында тұрған ең жауапты міндет – еңселі еліміздің кірпіші болып қаланатын әрбір қоғам мүшелерін, яғни жас ұрпақты адамгершілік қасиетке тәрбиелеу.       Адам бойында адамгершілік құндылықтар болмаса, олардың орнын ешқандай терең білім толтыра алмайтынын өмірдің өзі дәлелдеуде. Ол үшін жастарды ұлттық тәлім- тәрбиеге баулып, халқымыздың салт-дәстүрін жақсы білетін саналы азамат болып жетілуіне барынша ықпал жасауымыз қажет, – деді алғашқы болып сөз алған      Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапхана директоры Эльмира Абдинова.

   Шара барысында Сарысу, Т.Рысқұлов, Талас және Шу аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйелерінің қызметкерлері онлайн байланысқа шығып, сол сәтте өздерінің кітапханаларында өтіп жатқан тәлімдік мәні зор үрдістерінен үзінді көрсетті. Сонымен қатар М.Х.Дулати атындағы ТарМУ «Филология» факультетінің 1-курс студенті Юсуп Еламан «Абыз шешен», Жамбыл облыстық дарынды ер балалар мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы Сұлтан Сәдуақасов Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Жер жұтуға тоймайды», Жамбыл облыстық дарынды ер балалар мектеп- интернатының 11-сынып оқушысы Абылай Нұрбосынов Жамбыл Жабаевтың «Оңбайтұғын өр кеуде» атты шығармаларын мәнерлеп оқыса, Жамбыл облыстық дарынды ер балалар мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы Бекболат Жұмабеков «Ақтамбердінің термесін» орындады.

Құралай Сейсенбекқызы

Жамбыл Тараз.- 2018.- 21 ақпан (№15).-2 б.

 

Яндекс.Метрика