Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын ұсынған болатын.
Осы бағдарламада «Біз алдағы бірнеше жылда гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бойынша әлемдегі ең жақсы 100 оқулықты әртүрлі тілдерден қазақ тіліне аударып, жастарға дүниежүзіндегі таңдаулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік жасаймыз» деген еді. Міне, аз уакыттың ішінде 100 оқулықтын 18-і аударылып, таныстырылым жасалынды. Оқулықтарды аудару жобасы - алыс болашаққа бағытталған стратегиялық шешім.
Алдағы уақыттарда кітаптар кітапханаларға таратылып, жастардың осындай үлкен дүниелерге, шетелдегі үлкен жаңалыктарды, ғьлыми жобаларды автордан айна-қатесіз тікелей аударылған, өзіміздің қазақ тіліндегі, өміршең, сұраныстағы кітаптарға қол жеткізе алатындығы рухани жаңғырудың жаңа белесі екені анық. Жаңа жобаның арқасында түпнұсқадан аудару арқылы автордың ойы, сол халыққа тән психологиялық дүниетанымын аңғарып, озық оқулықтарды оқи отырып, әлемдік бәсекелестікке сай білімді, сауатты, болашағы жарқын қазақ жастарының жаңа буыны қалыптасады. Жоба аясында аударылып жатқан Грэгори Мэнкьюдің атақты «Экономикс» оқулығының төртінші басылымы, Томас Гриффиннің «Менеджменті», Дональд Куратконың «Кәсіпкерлік: теория, процесс және практика» оқулығы және Клаус Швабтың «Төртінші индустриялық революция» еңбегі, Дж. Ритцердің «Әлеуметтану теориясы», Карен Армстронттың «Құдайдың тарихы» кітаптары дүниежүзі бойынша ғылыми жауһар болып табыпатын еңбектер. Болашақ ұрпақ басқа елдердегі өз қатарластарынан қалыс қалмауы үшін осынау білім бұлағынан сусындаса, ұлтымыз талай ғұламалардың деңгейіне жететін жастарды тәрбиелеп, әлем деңгейіндегі интеллектуалдық мектептердің білімін игеруге мүмкіндік алады. Елбасының бастамасымен қолға алынған «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы еліміздің келешек ұрпағы үшін жасалынып жатқан игі шара.
Эльмира АБДИНОВА, Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасынын директоры
Жамбыл Тараз.- 2018.- 18 сәуір (№31).-4 б.