Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жанғыру» мақаласы-ерекше маңызды бағдарламалық құжат деңгейіне көтеріліп, жалпыхалықтың колдауына ие болып отыр.

    Бұл сөзсіз еліміздің ұлттық рухани өміріндегі басты бағыттарға тың серпін беріп отырған дүние. Құжатта незінен ұлттық құндылықтарымызға, елдік мақсат пен мемлекеттің ұлттық құрылымы, қазақ елінің тарихи мұралары жайлы баяндалған. Елбасының мақаласы - мемлекеттк идеологияны анықтайтын, жаңа идеологиялық платформаға айналатын, саяси-идеологиялық құжат. Себебі ол саяси, экономикалық, әлеуметтік, құқықтық реформалардан соң идеологиялық саясатты модернизациялауды күн тәртібіне шығарды. Елбасы бұрын және бүгінгі ұсынып отырған жаңа тың идеяларды нақты іс жүзінде асырудың жоспарын ұсынып отыр. Сондықтан, бұл құжат - қазақ ұлттық  мүддесін стратегиялық бағытын айқындайтын жаңа идеологиялық концепция. Ұлтымызды белгілі бір әрекетке жігерлендіретін, түрткі болатын принциптердің жиынтығы.
    Бұл мақалада біз барынша мән беріп, берік  байлам етіп алуға тиісті  тұстары өте көп.
    Өз тілінде терең білім, жан-жақты ақпарат алған адам қай ортада да өзін еркін ұстайды. Бұны, бір деп қойыңыз. Екішіден, мейлінше терең әр сапалы білім беретін тілге деген сұраныста, құрмет те жоғары болады.
    Елбасының ойынша, бар мәселе сананың ашықтығында. Ал, сананың ашықғығы зерденің үш ерекшелігін білдірді.
   «Біріншіден, ол дүйім  дүниеде, Жер шарының өзіңе қатысты аумағында және өз елінің айналасында не болып жатқанын түснуге мүмкіндік беред.
   Екіншіден, ол жаңа технологияның ағыны алып келетін өзгерістердің бәріне дайын болу деген сөз. Таяудағы он жылда біздің өмір салтымыз: жұмыс, тұрмыс, демалыс, баспана, адами қатынас тәсілдері, қысқасы, барлығы түбегейлі өзгереді. Біз бұған да дайын болуымыз керек.
   Үшіншіден, бұл - өзгелердің тәжірибесін алып, ең озық жетістіктерін бойға сіңіру мүмкіндігі. Ал, қазақ қоғамы әлемге қашанда ашық және өзгеден өзіне қажеттіні ғана қабылдап, сіңіре алатын қасиетке ие.
Әрине, Президент бұған дейін де тың бастамалар көтеріп, серпінді ойлар айтқан болатын. Мақала авторының латын қаріпіне жүйелі түрде өту, «Туған жер», «Туған ел» бағдарламасымен бірге қазақ жерінің тарихи-туристк белдеулерін түзу, XXI ғасырдың жаһандық картасында ешкімге ұқсамайтын, дербес орны бар ұлт болу мақсатында «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын қазақ қоғамының қалыптасуына үнсіз ғана үлес қосып жүрген 100 азаматтың жаңа есімдерін анықтау, қазақ зиялылары мен олардың шығармаларын шет елдерде насихаттау деген ойларын қуана құптаймыз.

    Мұнда айтылған көптеген ойлармен, сол идеялармен келіспеу, оларды қолдамау мүмкін емес.Өйткені, Елбасы мақаласында қоғамның қазанында бұрқ-бұрқ қайнап жатқан мәселелердің басы ашылған.
    Жалпы алғанда, рухани өмірдің біраз саласында көңілге қонымды баға берілген. Әсіресе, ескі мен жаңа секілді философиялық категориялардың нақты өмірге телініп айтылуы, қазақ ұлтының рухани проблемаларының ашық та бүкпесіз жазылуы.
    Әрине, қай елдің болса да мәдениетінің озығы да, тозығы да бар, біз ел Президентінің: «Егер жаңғыру елдің  ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды», - деген сөзімен толық келісеміз.
    Өйткені,қазақ ұлтының ұлттық мүддесі оның ана тілі мен ұлттық төл мәдениетінің дамуына, салт-дәстүрінің сақталуына, әдебиеті мен ғылымының өркендеуіне, рухани мұраларының жаңғыруына байланысты.
    Ал, ұлттық  мүдделеріміздің іске асуы оның тарихи кеңістікте ұзак өмір сүруін қамтамасыз етеді. Адам факторының бар мәні де, маңызы да, кұндылығы да осында. Жаңа адам -тек жас адам емес, болмысын, санасын жаңартқан адам. Ұлттық сана әлемдегі аумалы-төкпелі, құбылмалы кезеңде мемлекеттің қазығын қозғалтпайтын басты күш. Бр орайда болашакты бағдарлаған, кемел келешекке көз тастаған Елбасының мақаласы мемлекетке жол бастар темірқазық болады.
    Өйткені, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың пікірінше, технология мен инновацияны, экономиканың жаңа салаларын дамытуды, инфрақұрылым құрылысын басты назарға ала отырып, рухани байлығымыз жайлы ұмытпауымыз тиіс. «Ұлы ұлттар үнемі үйлесім жолын тандаған. Рухани құндылықтың гүлденуі өмірдің барлық салаларында қоғамды әрқашан биікке жетелеген. Тек білімі жоғары, рухани бай адамдар ғана жаңа сын-қатерлерге икемді болып, дұрыс шешім қабылдай алады» деген ойы ашық.
    Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңірген ұлтымыздың ізгі  қасиеттерін қайта түлетуіміз керек.
    Сондықтан да, қазақстандық ортақ мақсатты іске асыру жолында баршамыз, оның ішінде «Нұр Отан» партиясының мүшелері азаматтық белсенділігімізді танытып жұмыла еңбек етуіміз қажет.
    Өйткені, Елбасы өз мақаласында болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалатынын қадап айтты.
    Ал, ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айкындалады.
    Сондықтан, әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт XXI ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы, компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін меңгеру, мәдени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті  алғышарттардың санатында.
   Сол себепті, «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалар - ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды XXI ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы» деді Н.Ә.Назарбаев.
   Елбасы алға қойған жаңа міндеттер Қазақстанды әлемдік деңгейге көтеретін ұлттық рухани жаңғыру аясында жаңа көкжиектер ашатынына сенімдімін.


                                                                                                                                                                                                            Эльмира АБДИНОВА, Ш.Уәлиханов атындағы облыстық

әмбебап ғылыми кітапхана директоры                 

 Жамбыл Тараз. - 2017. - 30 тамыз (№35). - 6 б.

 

 

 

Яндекс.Метрика