Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

Нашақорлық - XXI ғасыр дерті

     Елімізде қазіргі уақытта есірткі пайдаланушылар мен таратушыларға қатысты жағдай кәмелетке толмаған жасөспірімдер үшін өте қауіпті болып тұр.

    Себебі олар заманның осы әлеуметгік дертіне өте тез шалдығады. Ерте ме, кеш пе, бірақ әрбір нашақордың осы шырмаудан бір ғана шығар жолы мезгілінен бұрын өлімге әкеліп, шамадан тыс дозадан өзін-өзі жою немесе өзіне-өзі қол салуға жетелейді. Біздің ғасырымыздың басты дерті - нашақорлық. Біреулер есірткі таратып, байлыққа кенеліп, белшесінен батып жүр, ал қаншама жан бұдан бақытсыздыққа ұшырап, өлім құшуда. Ал мұны тұтынушылар алдында не күтіп тұрғанын білмейді, артта ұрпақ өсіп келеді. «Не істеу керек? Жастарды оның құрығынан қалай құтқарамыз?» деген сауалдар күн тәртібін төніректегені анық. Нашақорлықты емдеу қоғамның басты проблемасы болып, адамдарға оның не екендігін және оған қарсы қалай күресу керек екендігі жайлы үнемі айтып отыруды қажет етіп отыр. Әсіресе, нашақорлықтың зияны туралы жастарымызға көп насихат айту олардың бұл жаман әдетке деген жиіркенішін тудырады. Қазіргі күнде есірткінің зияндылығы, адамдардың оған неліктен құмартатындығы және соңында оған қалай тәуелді болып қалғанын да білмейтіндігі, тағы басқа туралы бүгінде кітапшаларда, баспасөз беттерінде аз жазылып жүрген жоқ. Жалпы айтқанда, есірткі адамның миын улайды, рухани аздырады. Оған қосылған кейбір қосындының кесірінен организм оған тез үйреніп қалады.

    Сондықтан салауатты өмір салтын барынша насихаттауымыз керек. Балалардың жаман әдетке бой ұрып, араласатын ортасына ата-аналар аса мән беруі қажет. Балаға жастайынан тәлім-тәрбие беріп, жат қылықтардан аулақ болуын қадағалау керек. Сол себептен де, тәрбие мықты, жанұя беріктігі мұнда аса маңызды рөл атқарады.

 

Ақмарал ҚҰРМАНОВА,

Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап-ғылыми

кітапханасының кітап қорын сақтау бөлімінің менгерушісі.

 

Жамбыл Тараз. – 2019. – 24 сәуір (№7). – 16 б.

Яндекс.Метрика