Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

ЖАСТАР - ЕЛ БОЛАШАҒЫ

    Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауларында жастар саясатын жетілдіру бойынша іргелі тапсырмалар беру арқылы жан-жақты қолдау көрсетіп келеді. Тұңғыш Президенттің 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялауы осы сөзіміздің бір дәлелі. Сонымен қатар мемлекет тарапынан «Дипломмен ауылға», «Бизнестің жол картасы», «Жұмыспен қамту - 2020», «Серпін», білім беру саласындағы қосымша гранттар және шетелде білім алуға мүмкіндік беретін «Болашақ» халықаралық стипендиясы, «Жас отбасы», «7-20-25» бағдарламалары аясында баспана болудың мүмкіндіктері, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту бағытындағы шаралар жүйелі жүзеге асырылуда.

    Нәтижесінде жастар арасындағы жұмыссыздықты азайтып, жас отбасыларға баспаналы болуды жеңілдететін мүмкіндіктер қарастырылуда.

    Жастардың уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында Ш.Уәлиханов атындағы облыстың әмбебап ғылыми кітапханасының жанынан қызығушылық клубтары құрылған. «Тоwer», «Дария», «Жас саясаткер», «Қаламгер» қызығушылық клубтары арқылы жастар түрлі іс-шараларға қатысып, белсенділік танытуда.

    Айта кетерлігі, соңғы кездері жастар арасында инновациялық технологияларды пайдалану арқылы түрлі жобалар ұсынылуда. Жаңа технологияның тетіктерін игеріп, инновациялық жобаларды халықаралық деңгейдегі сайыстарға қатыстырып, арнайы грант ұтып алған жастардың саны артқан. Осындай білімді жастарға қаржылық қолдаудың көрсетілуі құптарлық дүние.

    Әрбір жас тұлға болып қалыптасуы үшін кез келген қоғамдық мәселеге бейжай қарамауы тиіс. Өркениетті ел қатарына қосылу үшін жастардың жағдайын жақсартып, экономикалық әлеуетін көтеру қажет. Өйткені бүгінгі жастар - ертеңгі кәсіби білікті маман.

 

Ботакөз ЮРЧИЕВА,

Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап

ғылыми кітапханасының кітап айырбас және

                       тарату секторының меңгерушісі      

Арай. - 2019. - 31 қазан (№44). - 11 б.

Яндекс.Метрика