Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

«Бір ел – бір кітап» республикалық акция аясында өткізілген іс-шаралар ақпараты

Жамбыл облыстық мемлекеттік кітапханаларында «Бір ел -бір кітап 2018» акциясы аясында жыл кітабы болып таңдалып алынған Ш.Құдайбердіұлының шығармаларын, Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» повесін,  Н.Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді» хикаят- монологын насихаттау мақсатында

1 тоқсанда өткізілген іс-шаралардың ақпараты.

     «Бір ел -бір кітап 2018» акциясы аясында жыл кітабы болып таңдалып алынған Ш.Құдайбердіұлының шығармаларын, Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» повесін,  Н.Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді» хикаят- монологын өңір тұрғындарына  насихаттау, ұлттық әдебиетіміздің ең үздік деген туындыларын  оқуға шақыру, жастарды Отаншылдыққа, патриоттыққа тәрбиелеу мақсатында  Жамбыл облыстық мемлекеттік кітапханаларында түрлі мәдени шаралар өтуде.

      Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында тұрақты «Бір ел – бір кітап» кітап көрмесі, PRO брендбук өтті.

      Д.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында  «Аты аңыз» кітап көрмесі, «Адамзат таныған тұлғалар мұрасы өшпес ғұмыр, таусылмас қазына» ақпараттық сағат өтті.

    Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасында  «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында  «Үш тұлға – үш ағын» атты кітап көрмесі жасақталды.

    Тараз қалалық  Абай атындағы орталық кітапханасы  «Өлмейтұғын артына сөз қалдырған» әдеби шолу, «Батыр Бауыржан-рух пен намыс төресі» көрме-диалог М. Әуезов атындағы кітапханасы «Шәкәрім-қазақ әдебиетінің классигі»  кітап көрмесі, №6 кітапханасы «Дала данасы» әдеби кеш, №5 кітапханасы «Шәкәрім поэзиясы – өлең сөздің өрнегі» поэзия кеші, №4 кітапханасы «Бабалар мұрасы» дөңгелек үстел

    Байзақ аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде «Әдебиеттің иесі – халық, киесі – елдің рухы», «Қазақ әдебиетіндегі көрнекті тұлғалар» атты кітап көрмелері ұйымдастырылды. Аудандық орталық кітапханада «Қазақ әдебиетінің бәйтерегі» атты кітап көрмесінің жанында  «Әдебиет – өмір айнасы» атты библиографиялық шолу,  Ынтымақ ауылдық кітапханасында  «Ұлт мақтанышы – Бауыржан Момышұлы» атты ерлік сағаты  болып өтті.

   Жамбыл аудандық кітапханада «Жыл авторлары – Авторы года 2018» атты кітап көрмесі, Жұма ауылдық кітапханасында «Қазақ халқының қаһарман перзенті» атты дөңгелек үстел,   Тастөбе ауылдық кітапханасы «Бір ел- бір кітап» атты  кітапхана бульварын өткізді.        

   Жуалы аудандық кітапханада  «Ерлігі елге өнеге Ер Бауыржан» әдеби-сазды кеш, Қордай аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде

  «Жол табалық ақылмен»,  «Халық батыры»,  «Үміт үзгім келмейді»  атты кітап көрмелері,  ақпарат сағаттары, слайдтар көрсетілді.

    Меркі аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде «Бір ел – бір кітап» кітап көрмесі, «Мен жетелеп өлемін, өрге қарай қазақты» /Ш.Құдайбердіұлы – 160ж/ тақырыптық кеш, «Ешкімге ұқсамайтын ерекше тұлға» еске алу сағаты  Б.Момышұлы, «Рухани тарихымызды жоғары бағалаған жазушы» Н.Келімбетов ақпарат,  тақырыптық сағат,  Мойынқұм    аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бойынша «Бір ел-бір кітап»  кітап көрмелері,  Б.Момышұлының шығармашылығына арналған «Дана да, дара тұлға» атты кітап көрмесі,   Т.Рысқұлов аудандық Құмарық, Юбилейное, Алғабас, Қаракемер ауылдық кітапханаларында  «Ш.Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы» атты дөңгелек үстел,   аудандық кітапханада «Ғалым, жазушы, публицист - Н.Келімбетов» атты ашық есік күні өткізілді

     Сарысу ауданы қалалық балалар кітапханасында  «Шәкәрім –ұлы тұлға» атты әдеби алаң кеші, Ұ.Сыздықбаев ауылдық кітапханасында «Тұлғасы тұнған тәлім, есімі елге мәлім – Бауыржан Момышұлы» атты портреттік кеш, Саудакент ауылдық кітапханасында «Қазақтың қарапайым бір ұлымын, жанымды арым үшін құрбан еткен» атты оқырман конференциясы,  Ақтоғай ауылдық кітапханасында  «Кемел оймен көркем сөздің шебері» атты портреттік кеш   өтті.

    Талас аудандық  Аққұм ауылдық кітапханада «Немат Келімбетов және әдебиет әлеміндегі рухани алмасулар»  атты тақырыпта көрме-портрет,  Тамды ауылдық кітапханада Н.Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді» атты кітабындағы  «Тұлымы желбіреген Құрманкүл кейіпкері» атты кейіпкеріне көркемсөз оқу кеші өтті. 

   Шу   аудандық орталық кітапханада  «Бір ел-бір кітап» кітап көрмесі, талқылау, Балалар  кітапханасында  «Ұшқан ұя» кітабына талдау,   Жиенбет ауылдық кітапханасында «Келімбетовтың көркем әдеби мұрасы» тақырыбында өмірбаяндық шолу,  «Дана да дара тұлғалар» атты кітап көрмесі,    Шоқпар ауылдық кітапханасында «Ұшқан  ұя» өмірбаяндық  шолу  өтті.

 

Яндекс.Метрика