Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

Кітапхананы пайдалану тәртібі

2.1. Кітапхана өңір тұрғындарына, олардың кәсіби қызметі, діни және саяси көзқарастарына қарамастан және қандай да болса меншік құқығындағы заң тұлғаларына шектеусіз қызмет көрсетеді. 

2.2. Кітапхананың оқу залы, мерзімді басылымдар және абонементтік қамтамасыз ету секторлары, өнер жөніндегі әдебиеттер, ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімдері пайдаланушыларға ақпараттық және кітапханалық-библиографиялық қызмет көрсетеді.

2.3. Кітапханаға жазылу үшін пайдаланушының жеке куәлігі болу керек. Пайдаланушының кітапханаға жазылу барысында кітапханашы оған арналған жеке формуляр толтырады.

2.4. Әр пайдаланушы кітапханаға жазылу кезінде міндетті түрде кітапхананы пайдалану Ережелерімен таныстырылады. Ережелерде көрсетілген міндеттемелермен және оларды орындауға жауапкершілікпен келісетінін растап өзінің қолын қояды.

2.5. Пайдаланушы өзінің қолын қою арқылы кітап қорының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында кітапхана қызметіне жүгінетін тұрғындар әлеуетін зерттеуге, кітапхананың статистикалық есебін жүргізуге, мекен-жайлық қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін пайдаланушылардың дербес деректерін өндеуге келісім береді.

2.6. Әр жыл сайын кітапханада міндетті түрде қайта тіркеу жұмыстары жүргізіледі. Қайта тіркеу барысында пайдаланушылар өздерінің жеке куәліктерін ұсынады. Сонымен қатар, пайдаланушылар кітапхананың есеп құжаттарында көрсетілген өздері жайлы қандай да болса мәлімет: мекен-жайы ауысып,  аты-жөні немесе тегі өзгерген жағдайда, ол жайлы кітапханашыларды ақпараттандыруға міндетті.

2.7. ОӘҒК қызметтері мен оның жұмыс уақыты туралы ақпаратты 51-09-96 телефоны арқылы білуге болады.

Яндекс.Метрика