3.1. Кітап қорындағы әдебиеттер туралы ақпарат алу үшін пайдаланушы кітапханашы немесе библиограф мамандарының көмегіне жүгінеді.
3.2. Пайдаланушы үйге 30 күнге дейін саны 5 данадан аспайтын кітаптар алуына болады. Үйге алынған кітаптар, басқа да басылым түрлерінің мерзімін егер де басқа пайдаланушылар тарапынан сұраныс түспеген жағдайда тағы да 15 күнге дейін созуға болады.
3.3. Сұранысы өте жоғары және айрықша қымбат басылымдардың үйге берілуіне кітапхана қызметкерлерінің тарапынан шектеу қойылады.
3.4. Кітапхана пайдаланушылары сыртқы киімдерін, сөмкелер мен портфельдерін, папкаларын, пакеттері мен ірі көлемді заттарын, басылым өнімдерін киім ілетін гардеробқа тапсыру керек.